27 қыр, 2022 сағат 17:44

Тоқаев шатырдың астынан туды алып шыққан азаматтарға алғыс жариялады


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жұртшылығымен кездесуінде Қазақстан туын қирандылардың астынан алып шығуға атсалысқан жергілікті тұрғындарды марапаттады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Президент былтыр стадионда футбол матчы болып жатқанда спорт кешенінің шатыры тудың тұғырын басып қалғанын еске салып, сол кезде тұрғындар қауіп-қатерге қарамастан, шатырдың астынан Көк байрағымызды алып шыққанын ерекше атап өтті.

Олардың Отанға деген адалдығын жастарға үлгі ету керегін айтқан Мемлекет басшысы Әбілқайыр Дәулетов, Бекмұрат Қараев және Нұркен Намазға алғысын жариялады", - делінген Ақорда хабарламасында.

Еске салайық, мамырда TikTok желісінде стадионның шатыры опырылған сәтте Шымкент тұрғындары үйінді астынан туды алып шыққан видео пайда болған еді.