Фото: © Sputnik / Иосиф Будневич
Мемлекет басшысы Ішкі істер министріне Ақмола облысының Щучье қаласында болған студенттің өліміне қатысты барлық мән-жайды жан-жақты тексеруді тапсырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылуы керек. Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды" - делінген хабарламада.
Еске салайық, 6 қазанға қараған түні Щучинскідегі теміржол бойында Жоғары техникалық колледждің 4-курс студенті өлі табылған болатын.
Марқұмның есімі - Роман Бодагов. Полиция мәліметінше, оның мәйіті Бурабай курорты мен Жамантұз арасындағы учаскеде теміржол бойында табылған. Қайғылы оқиғаға байланысты Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімшесінде ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.