Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Батыс арасындағы санкциялық соғысқа қатысты Қазақстанның ұстанымы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Санкцияның аты санкция. Оларды бұзбауымыз керек. Оның үстіне санкциялар бұзылған жағдайда біздің экономикамызға да Батыстың «қайталама санкциялары» салынатыны туралы ескертпелер аламыз. Яғни «Сцилла мен Харибда арасындағы» жол секілді өте күрделі әрі нәзік жұмыс жүріп жатыр», - деді Мемлекет басшысы ресейлік журналист Андрей Кондрашовқа берген сұхбатында.
Сонымен бірге Президент Ресей үкіметімен жұмыс жалғасып жатқанын айтты.
«Ресей үкіметімен жұмысты жалғастырып жатқанымызды атап өткім келеді, тіпті санкцияларды бұзбай-ақ қажетті келісімдерге қол жеткізудеміз. Күрделі сұрақтар да бар, олар осы немесе басқа жағдайды қалай шешуге болатынын түсіну үшін уақытты қажет етеді. Дегенмен бұл мәселелердің де шешімін тауып жатырмыз. Мұндай жағдай бұрын-соңды болған жоқ. Дәл қазіргі жағдайда боларымызды ешкім күткен жоқ. Бірақ шындық осы, аталған жағдайдан туындайтын мәселелерді шешуіміз керек», - деді Тоқаев.