22 ақп, 2022 сағат 23:03

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті


Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Украина мәселесіне қатысты Ресей басшылығының ұстанымы туралы айтты. 

Ресей Президенті Қазақстанмен арадағы достық және одақтастық қатынастарды екі мемлекет халықтарының мүддесіне сай нығайта беруге бейілді екенін нақтылады.