Бүгін Мәскеуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Келіссөз барысында екі ел арасындағы көпжоспарлы стратегиялық серіктестіктің даму перспективалары қарастырылады. Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасайды", - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.
Шара Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен 18:00-ден кейін "Хабар24" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.