Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарихта алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Орталық Азия – Үндістан» атты саммитке қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
«Жиынға Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди бастамашы болды. Іс-шара онлайн форматта өтеді.
Көшбасшылар Орталық Азия елдері мен Үндістан арасындағы түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтудың және кеңейтудің перспективаларын талқылайды.
Жиын қорытындысы бойынша «Орталық Азия – Үндістан» атты бірінші саммиттің Декларациясы қабылданатыны күтілуде», деп жазды ол.