Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қаңтарда дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған "Орталық Азия - ҚХР" саммитіне қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Берік Уәлидің айтуынша, онлайн форматта өтетін жиынға Қытай тарапы бастамашы болған.
"Көшбасшылар түрлі салалар бойынша Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы көпжақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылайды. Іс-шара қорытындысы бойынша дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына байланысты бірлескен мәлімдеме қабылданады деп жоспарланған", - деп жазды ол.