Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалған Қырымбек Көшербаевқа бірқатар міндеттер жүктеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қырымбек Көшербаевты Президент Әкімшілігі Басшысының лауазымына тағайындадым. Әкімшіліктің жұмысын жаңғырту, орталық және жергілікті билік органдарымен өзара тиімді іс-қимыл жасау тетіктерін жолға қою жөнінде бірқатар міндеттер қойдым», - деп жазды Қ.Тоқаев Twitter-де.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қырымбек Көшербаев ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.