Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кипрмен қылмыскерлерді экстрадициялау туралы келісім жобасын мақұлдады. Құжат Нормативтік құқықтық актілердің АҚЖ сайтында жарияланды.
"Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шарттың жобасы мақұлдансын", - делінген Президент Қаулысында.
Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді – 20 шілде.
"Әрбір Уағдаласушы мемлекет екінші Уағдаласушы мемлекеттің сұрау салуы бойынша ұстап беруге әкеп соғатын қылмыстар үшін қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе заңды күшіне енген сот үкімін орындау мақсатында сұрау салушы уағдаласушы мемлекеттің құзыретті органдары іздестіріп жатқан оның аумағындағы кез келген адамды осы шарттың және өзінің заңнамасының талаптарына сәйкес ұстап беруге міндеттенеді", - делінген келісім бабында.