17 мау, 2022 сағат 23:44

Тоқаев кейбір ресейлік саясаткердің Қазақстанға қатысты мәлімдемелерін сынады


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға қатысты жөнсіз пікірлер айтқан ресейлік тұлғаларға наразылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мүмкін бұл қисынсыздау да болар, дегенмен осы мінберді пайдаланып, бірқатар ресейлік депутаттың Қазақстанға қатысты мүлдем қисынсыз айтқан, нақты емес пікірлеріне наразылығымды білдіргім келеді. Журналистер, тіпті мәдениет қайраткерлері бар. Бүгін Кремльдің жоғарғы басшылығының, түптеп келгенде, өзге мемлекеттерге, әсіресе менің елім Қазақстанға қатысты ұстанымын жеткілікті түрде білдірген Владимир Путинге ризашылығымды білдіремін. Шындығында, бізде түрлі әдіс-тәсілдермен көпіртіп айтуға болатындай ешқандай мәселе жоқ», - деп атап өтті Қазақстан Президенті Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумында. 

Мемлекет басшысының пайымынша, барлық алауыздық екі ел халықтарының арасына және Ресей Федерациясының өзіне зиянын тигізеді. 

«Осынау пікірлердің барлығы мен үшін түсініксіз. "Кімнің диірменіне су құйып жүр" демекші, аталған қайраткерлер қандай да бір әдістермен Қазақстан басшылығының шешімі болсын немесе елімізде орын алып жатқан оқиғаларға болсын пікір білдіреді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.