Фото: ortcom.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан мұғалім Александр Руденконы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады, деп хабарлады "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы Астана қаласының №32 мектеп-гимназиясының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Александр Иванович Руденконы (марқұм) адам өмірін құтқаруға байланысты төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды" - делінген хабарламада.
Еске салайық, Александр Руденко 2023 жылдың 12 шілдесінде Шортанды көлінде суға батып бара жатқан баланы құтқарып, қаза тапқан болатын.