ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаржыны бақылаушы органдардың өздері сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қаржыны бақылау органдарындағы жемқорлық та жағдайды қиындатып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ішкі мемлекеттік аудит мамандарының үрлі шағымдарды қолдан ұйымдастырған фактілерін анықтады. Соның негізінде пайдакүнемдік мақсатпен тексерулер жүргізіп оытрған», - деді бүгінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте Мемлекет башысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражатының орынды жұмсалуын қадағалауы тиіс мекеменің өздері қолдан ұйымдастырған шағымдарды қараудан қолы тимейтінін сынады.
«Былтыр бір ғана жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен осы мазмұндағы 1600 шағым түскен. Оның 900-і расталды. Осыда кейін, әрине, нақты шағымдар еленбей қалады. Сондықтан Үкімет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қаржы мониторингі агенттіктерімен бірлесіп, осы саладағы мемлекеттік бақылау жүйесін қоса алғанда, мемлекет пен квазимемлекеттік сектордың сатып алуын реттеу тәсілдерін түбегейлі өзгертуі керек», - деді Президент.