Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның премьер-министрі Ираклий Гарибашвилимен кездесті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесуде екіжақты ықпалдастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
"Сіздің назарыңызды мынадай бағыттардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларына аударғым келеді. Атап айтқанда, өзара сауда көлемін ұлғайту. Менің ойымша, біз өнімдерді өзара жеткізуді арттыра аламыз. Қазақстанға және Орталық Азияның басқа да елдеріне тауар жеткізу жағынан Грузияның үлкен қоры бар. Осы бағытта тығыз жұмыс істеуге дайынбыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.