06 қаз, 2022 сағат 17:35

Тоқаев дипломаттар арасында бірқатар тағайындау жасады


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттар арасында бірқатар тағайындау жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мағжан Ілиясов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі лауазымынан босатылған.


Ақан Рахметуллин Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылған.


Сондай-ақ, Қайрат Омаров Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылған.

Ал Жанар Айтжан Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі лауазымына тағайындалған.