Фото: Akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын! Хакім Абай - ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның "толық адам" тұжырымынан бастау алады. Біз Абай мұрасын насихаттауды жалғастыра береміз", - деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында.
10 тамызда қазақстандықтар дәстүрлі түрде Абай күнін тойлайды. Қазақтың ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы, ағартушы Абай Құнанбаевтың туған күні ресми мереке күні болып саналады.
Жаңа мереке 2020 жылы ақынның 175 жылдық мерейтойы тойланған кезде бекітілді. Сол жылдың 5 тамызында бұл күн мерекелердің ресми тізіміне енді.