Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды Тұғырнамасында көрсетілген «Қуатты аймақ – қуатты Қазақстан» деп аталған жетінші бағыттың жүзеге асырылуы бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
Қазақстан Президенті Батыс Қазақстан облысын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.