16 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдау жасайды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "БОРТ N1" Telegram-арнасына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасайды деп жоспарланып отыр.
Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылмақ. Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-де республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ "БОРТ N1" тelegram-каналы жиыннан жедел хабар таратады", - делінген хабарламада.