11 мау, 2023 сағат 21:10

Тоқаев 12 маусымды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы өкімге қол қойды

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы 12 маусымды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Абай облысындағы орман өртінің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2023 жылғы 12 маусымда жалпыұлттық аза тұту жариялансын», - деп жазылған Президент өкімінде.