14 қаз, 2022 сағат 15:38

ТМД-да орыс тілін ілгерілету жөніндегі халықаралық ұйым құрылмақ


ТМД-да орыс тілін ілгерілету жөніндегі халықаралық ұйым құрылады. Бұл туралы Ресей Президенті Владимир Путин ТМД мемлекет басшылары кеңесінің саммитінде мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Путин екі жыл бұрын 2023 жылды ТМД-дағы ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде "орыс тілі жылы" деп жариялау туралы шешім қабылданғанын еске салды.

"Біз оны Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұсынған жаңа қызықты жобамен бастағалы отырмыз. Бұл - ТМД қолдауымен орыс тілін ілгерілету жөніндегі халықаралық ұйым құру. Біз бұл бастаманың жүзеге асуына бар күшімізді саламыз. Мынаған назар аударғым келеді: бұл - алдын ала дайындалған дүние емес, бұл - Қазақстан Президентінің идеясы. Ол бұл ұсынысы жайлы менімен бұған дейін бөліскен болатын. Әрине, Ресей бұл бастаманы қолдайды", - деді Путин саммитте.