26 қаң, 2022 сағат 10:43

Тимур Құлыбаев "Газпром" директорлар кеңесіне қайта сайланып жатыр



Тимур Құлыбаев ресейлік "Газпром" директорлар кеңесіне қайта сайлануы мүмкін. Ол үш тәуелсіз директорлардың қатарында осы лауазымға үміткерлер тізіміне енді, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Алматы трагедиясынан кейін "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы қызметінен кетті, бірақ Kazenergy қауымдастығының төрағасы лауазымын сақтап қалды.

Kazenergy басшысы ретінде "Газпром" директорлар кеңесіне кандидаттар тізіміне енді.

Құлыбаевтан басқа компанияның екі тәуелсіз директоры – Губкин атындағы РМУ ректоры Виктор Мартынов және Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы ректоры Владимир Мау бар.

Тимур Құлыбаев алғаш рет "Газпром" директорлар кеңесіне 2011 жылы кірді.