Фото: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан халқы тілдері күніне орай, «Тілдер апталығы» басталды. Биыл апталық аясында 35-тен аса іс-шара өткізу жоспарланған.
Бір апта көлемінде өтетін апталық аясында түрлі конференциялар, түрколог, филолог ғалымдардың көшбасшылық дәрістері, ашық кураторлық сабақтар, танымдық рухани шаралар өткізіледі. Студенттер үшін ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мұражай-үйіне экскурсия ұйымдастырылады.
Белгілі тіл мамандарының қатысуымен жасанды интеллектіні қазақша құру, ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, жоғары оқу орындарында жиналған қазақша контентті Google деректер қорына жүктеу мәселелері талқыланады.
Қарагөз Серікқызы,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Баспагерлік, редакторлық және дизайнерлік өнер
кафедрасының оқытушысы.
