ҚР Қаржылық нарықты бақылау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олег Смоляков онлайн брифинг барысында Tengri Bank қызметіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біріншіден Tengri Bank банкротқа ұшырады деген ақпарат немесе дерек болған жоқ. Уақытша қиындықтарға байланысты есепшоттағы қаражатты шығаруға шектеу қойды. Бізде проблема бары анық. Бұл бірінші кезекте банктер мен акционерлердің міндеті. Банктің акционерінің рейтингі жоғары. Қазір олармен тікелей байланыстамыз. Қажет болса барлық бақылау органдары қосылатын болады», - деді ол.
Мұның алдында банк 2020 жылдың 14 сәуірінен бастап 1 картадан тәулігіне 50 000 теңге алуға шектеу қойған болатын.