23 жел, 2021 сағат 12:25

Теңге бағамы арзандады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 22 желтоқсан кешімен салыстырғанда 1 теңгеге төмендеп, 1 доллар 433, 89 теңге болды. 

Ұлттық банктің 23 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 434,87 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 436,43 теңге, сатып алу –438,06 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 436,09 теңгеден болса, ал сатып алу құны –437, 52 теңге.