Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Орынкүл Қазиева өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында таңбаланбаған темекі өнімдерін сатуға тыйым салынатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Спикер таңбалау — тауар туралы негізгі ақпаратты: өндіруші, сериялық нөмір және оның орын ауыстыруын бақылау үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтитын ерекше белгі екенін түсіндірді.
«2020 жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстанда құрамында темекі бар фильтрлі сигареттерді міндетті цифрлық таңбалау енгізілгені белгілі. 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап таңбалау темекі өнімдері мен олардың алмастырғыштарының барлық түрлері үшін міндетті болды. Темекі өнімдерін сандық кодсыз сатуға тыйым салынады. Биылғы жылдың 16 қыркүйегінен бастап темекі өнімдерін таңбалау жұмыстары жеңілдетілді, темекі өнімдерін таңбалау тек өндірушілер/импорттаушылар және көтерме сатушылар деңгейінде жүзеге асырылады. Бөлшек сатушыларға 2D-сканерлерді сатып алмай және қолданбай тауарларды алғанын растау жеткілікті болады», - деді Орынкүл Қазиев.
Соынмен қатар, ол қатысушылар үшін Nasty Sounds alsa тегін мобильді қосымшасы әзірленгенін жеткізді.
«Сондай-ақ қоғамдық бақылау құралы ретінде Naqty Оnim тегін мобильді қосымшасы әзірленді. Осы қосымша арқылы біздің еліміздің әрбір азаматы темекі өнімдерін сатып алған кезде олардың түпнұсқалығын тексере алады және сатып алынатын өнімнің сапасына көз жеткізуге мүмкіндік бар»,- деді ол.
Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу үшін:
- Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу.
- markirovka.kz сілтемесі бойынша «ТТҚ» АЖ-да тіркелу.
- «МПТ» АЖ тауарды алғанын растау (тауарды жеткізушілерден қабылдау кезінде ТТҚ АЖ қабылдау-тапсыру актісін растайсыз).
- Таңбаланған өнімді дұрыс сатуды (онлайн-кассалық аппаратты пайдалану) бастау қажет.
Айта кетерлігі, тауарларды цифрлық таңбалау Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағында жүзеге асырылатын ұлтаралық жоба.
Міндетті таңбалау енгізілген соң көлеңкелі айналым үлесі едәуір төмендейді деп күтілуде.