28 мау, 2024 сағат 11:23

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Астанаға келді: не үшін?

Сурет: ашық дереккөз

Цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиев Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың Қазақстанға сапарының мақсаты жөнінде сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Шенеунік қазақстандық тараптың Павел Дуровпен талқылайтын шаруасы көп екенін айтты. Мысалы, бірлескен зертханаларды іске қосу.

"Себебі Telegram - жоғары технологиялық компания. Жақында олар блокчейн технологиялары, криптоиндустрия елдерінің компанияларымен интеграциялау бойынша бірқатар бастама жариялады, блокчейн саласындағы қосымшаларға арналған платформаны іске қосады. Сондықтан талқылайтын көп нәрсе бар деп ойлаймын, бұл жоғары технологиялық жобалар, осымен жұмыс істейміз", - деді министр.