16 там, 2023 сағат 13:26

Текелідегі балалар лагерінде шизофрениямен ауыратын дәрігер жұмыс істеген

Фото: jcomp/Freepik

Жетісу облысының прокуратурасы 9 балалар лагерінің қызметіне тексеру жүргізді, олардың жағдайы заң талаптарына сәйкес келмеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мысалы, «Қарлығаш» лагерінде (Көксу ауданы) санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға қайшы, балаларға арналған азық-түлік ветеринариялық-санитарлық сараптама және қауіпсіздік сертификаттарынсыз сатып алынған. Сондай-ақ балаларға арналған күнделікті тамақтану нормалары сақталмаған. Ас мәзірінде жаңа піскен көкөністерден жасалған тағамдар қарастырылмаған. 

"Лагерьлердің барлығында дерлік өрт қауіпсіздігі нормалары сақталмайды. Алғашқы өрт сөндіру құралдары - өрт сөндіргіштер мен өрт гидранттары жоқ, одан бөлек өрт кезінде эвакуациялық жолдардың кедергісіз шығуы қамтамасыз етілмеген.

Ал кейбір лагерьлерде мерзімі өткен дәрі-дәрмектер сақталған.

Балалардың лагерьлерде тұруы мен бос уақытын өткізу жағдайы да техникалық нормалар мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді. Негізгі (ғимараттар, үйлер) және қосалқы (ас үй, жуынатын бөлмелер және т.б.) ғимараттары тозған, күрделі жөндеуді қажет етеді.

«Шағала» лагерінде (Алакөл ауданы) ойын-сауықтыру кешендері мүлдем жоқ. 

Сонымен қатар Текелі қаласындағы лагерьлердің бірінде «Параноидты шизофрения» диагнозымен есепте тұрған медицина қызметкері анықталды" - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, тексеру іс-шаралары жалғасып жатыр. Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау шаралары қабылданады.