18 шіл, 2024 сағат 18:50

Тегін автотұрақ және бөлек қуаттау станциялары. Тоқаев заңға қол қойды


Мемлекет басшысы көлік және электрмобильдерге арналған инфрақұрылымды дамытуға бағытталған заңға қол қойды.

Заң бойынша қандай өзгерістер болатынына тоқталайық:

  • - Электр көліктерінің иелері автотұрақ ақысын төлеуден босатылды.
  • - Электр қуаттау станцияларымен жабдықталған орындарда көлік құралдарын қою немесе тоқтату ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді.
  • - Жолдарды жобалау кезінде электр қуаттау станцияларын орналастыру үшін бөлек орындар белгіленеді.
  • - Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында электрмен қуаттау станцияларын орналастыру үшін аумақтар, оның ішінде оларды тұрғын және қоғамдық аймақтарда орналастыру үшін резерв аумақтар бөлінеді.