07 жел, 2021 сағат 18:03

Тәуелсіздік жылдарында 376 млрд доллар шетел инвестициясы тартылды - Мұхтар Тілеуберді


Тәуелсіздік жылдарында елімізге 376 млрд доллар шетел инвестициясы тартылды. Бұл туралы инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстел отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл Қазақстан Тәуелсіздігің 30 жылдық мерейтойын атап өтеді. Соңғы 30 жылда үлкен экономикалық табысқа қол жеткіздік. Жалпы ішкі өнімі 170 млрд долларға жуықтайтын Орталық Азиядағы ең ірі экономика саналамыз. Өңірде жан басына шаққандағы ЖІӨ де ең жоғары саналады әрі халықаралық резервіміз 90млрд доллардан асады. Бұл дағдарыс және нарықтағы құбылмалы жайт орын алғанкезде экономика тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті министр. 

Оның атап өтуінше, осы жылдың 9 айында еліміздің жалпы ішкі өнімі 3,5 пайызға артты. Осылайша, Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі өсім траекториясына шықты деуге болады. Өндіріс пен құрылыс секторы өсімнің негізгі көшбасшысына айналып, өзінің оташа көрсеткішнен асып түсті. Қызмет көрсету секторы да оң қарқынға ие болып, 9 айдығ ішінде 2,7 пайыз өсім көрсетті.

«Қазақстан экономикасы дамуының басты факторы тікелей шетел инвестициясы тарту. Бүгінде ол 376 млрд доллардан асып түсті. Шетелдік ірі компаниялар Қазақстанның сенімді серіктесіне айналып, ынтымақтастығымызға үлкен үлес қосты. Сонымен қатар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін берді. Бүгін біз жаһандық инвестициялық қоғамдастықпен ынтымақтастықтың 30 жылдығын атап өтеміз. Біз сенімді инвестициялық серіктес ретінде өзімізді таныта алдық. Бүгінгі дөңгелек үстел өзара тиімді ынтымақтастығымызды одан ары дамытуға қосымша серпін беретін болады», - деді Мұхтар Тілеуберді.