12 нау, 2022 сағат 14:25

Тасмағамбетовке қатысты тексеру жүргізіліп жатқан жоқ - Бас прокуратура


Бас прокуратура "Тасмағамбетовке қатысты тергеу туралы" хабарламаға түсінік берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобының Иманғали Тасмағамбетовке қатысты оның "Астана LRT" ЖШС-дағы ұрлыққа қатыстылығы дерегі бойынша тексеру жүргізіп жатқан болуы мүмкін екені туралы хабарлама тарап жатыр.

Бас прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды", - деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі өкілдері.

Олар қазақстандықтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.