Көкшетауда танысын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 27 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, өңірде «Стоп-трафик» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр.
Акцияның бірінші күні ақмолалық полицейлер адам саудасына қатысты қылмыстың жолын кесті.
«Көкшетау қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қорқыту және бопсалау жолымен жезөкшелікпен айналысуға өзінің бұрын танысын тартқан 1994 жылы туған күдіктіні анықтады. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 308 бабының 1-ші бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты «келу туралы міндеттеме» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды», - деді ведомстводан.
Еске салайық, Ақмола облысы аумағына 16-18 маусым аралығында «Стоп-трафик» жедел алдын алу шарасы басталды.
Шара аясында жедел уәкілдер профилактикалық әңгімелер жүргізіп, азаматтарға адам саудасының, заңсыз бас бостандығынан айырудың, еңбек немесе жыныстық құлдықтың құрбаны болмау туралы ескертеді.