Фото: Polisia.kz
Шымкентте заңсыз сатылған 500-ге жуық вейп тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
“Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, электрондық тұтыну жүйелерін заңсыз саудалаумен айналысқан топтың жолын кесті.
Тергеу мәліметінше, үш жас жігіт мессенджер арқылы арна ашып, сол жерде вейп өнімдерін жарнамалап, сатумен айналысқан. Жедел іс-шаралар барысында күдіктілер анықталып, ұсталды.
Тексеру кезінде заңсыз айналымнан 500-ге жуық вейп тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Тәртіп сақшылары электрондық тұтыну жүйелерін заңсыз сату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
