Фото:instagram.com/meirzhach_tv
Танымал вайнер және блогер Мейіржан Төребаев тергеу изоляторынан босатылып, үйқамаққа алынды. Мұндай қаулыны Mudarabah Capital қаржы пирамидасы ісінің судьясы шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.
Судья Мейіржан Төребаевтың адвокатының бұлтартпау шарасын қамаудан үйқамаққа ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырды.
Тағы бір белгілі вайнер Мейірхан Шерниязовқа келсек, ол сот процесі кезінде абақтыда отыра береді.
Еске салайық, қазақстандық танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов биыл сәуірде Mudarabah Capital қаржы пирамидасы схемасына қатысы бар деген айыппен қамауға алынған болатын.
Олардан басқа іс бойынша жауапкер, үшінші вайнер Әзімжан Саидбаев бар. Оған іздеу жарияланған.