Қазақ сән өнерін кәсіби деңгейге көтеріп, өз мектебін қалыптастырған танымал қазақстандық дизайнер Берік Ысмайылов дүниеден озды. Бұл туралы телепродюссер Толқын Сейдоллақызы жазды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
«Атақты дизайнер Берік Ысмайлов ағадан айырылып қалдық. Көп жыл туған ағамдай араласып едік. Аға, жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын! Сіздің ағалық қамқорлығыңызды ешқашан ұмытпаймын», - деп жазды телепродюссер Толқын Сейдоллақызы.
Берік Әбдішұлы Ысмайылов 1962 жылы 15 наурызда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында дүниеге келген.
Модельер-конструктор, халықаралық дизайнерлер қауымдастығының мүшесі, "Берік Ысмайылов" авторлық сән салонының директоры.