23 ақп, 2022 сағат 19:53

Талғат Құрманбаев «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры болып сайланды


«ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес Талғат Құрманбаев 23 ақпаннан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры болып сайланды. Бұл туралы компанияның ресми сайтында хабарланды. 

Айта кетейік, «ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. 

Ұзындығы 5,4 мың км магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие.

Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа келесі бағыттар бойынша тасымалдайды:

«Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС жүйесіне ауыстырып тиеу («Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры), Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құю), «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне ауыстырып тиеу, «Шағыр» МҚП және Т.Қасымов атындағы МАС теміржол цистерналарына мұнай құю.