Желіде жасөспірімдердің сексуалдық сипаттағы әрекеті түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Екеуі де Талдықорған қаласының 13 және 15 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімдері болып шықты.
Polisia.kz Telegram-арнасының мәліметіне қарағанда, видео 2022 жылдың желтоқсанында түсірілген.
Жасөспірімдер ата-анасымен бірге қалалық полицияға жеткізілген.
"Мұндай жағдайда міндетті түрде балалар психологы, заңды өкілдер, педагогтар мен адвокаттардың қатысуымен сауалнама жүргізіледі.
ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлімінде "Жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық істі тергеу облыстық тергеу басқармасының өндірісіне алынды және полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", - делінген хабарламада.