Фото: pixabay
Талдықорған полицейлері мысықты қорлаған ер адамды тапты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Ол 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
"24 қаңтарда күдікті ұсталды. Ол дүкенге жүгіріп кірген мысықты сыртқа шығарғысы келгенін түсіндірді. Бірақ жануар ер адамның қолын тырнап алған, ол қатыгездік әрекеттер жасаған.
Қазір күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша жауапкершілік төніп тұр. Сотқа дейінгі тергеу іс жүзінде бақылауға алынды" - делінген хабарламада.