27 там, 2024 сағат 19:59

"Талай адамның ажалына себепкер болып жатыр": Alphard дауы әлі басылмай тұр


Фото:toyota-club.net

TikTok әлеуметтік желісінде ҚР Ішкі Істер министрі Ержан Сәденовтен Қазақстан аумағына қыркүйек айынан кейін кірген автокөліктерді заңдастыруға өтініш білдірген бір топ азаматтың мәлімдемесі жарияланды. Алайда комментарийде бұған наразылық танытқандар көп. Олар Toyota Alphard автокөлігін айдауға рұқсат бермеу керек деп отыр.

damir9986 Дамо парақшасында "Тараз қаласы 2024" деген жазумен жарияланған видеода бір топ азамат Toyota Alphard автокөліктерінің жанында мәлімдеме жасады.

"Құрметті Қазақстанның Ішкі Істер министрі Сәденов Ержан Сапарбекұлы мырзаға үндеуімізді жолдаймыз! Қазақстан аумағына қыркүйек айынан кейін кірген автокөліктерді заңдастырып беруін сұранамыз және соған дейін сол көліктердің еркін, заңды қозғалуы үшін сақтандыру полисын беруге рұқсат сұраймыз", -дейді олар. 


Дегенмен, видеоға жазылған пікірлерде: "Соңғы үш жылда қанша адам қырылып қалды Альфардтан", Рұқсат бермеңыз Алфардтарға қырып бітетін болды ғой азғантай қазақты", "Трассадан Альфардтарды алып тастасын Талай адамның ажалына себепкер болып талай Фураларды аудардыңдар карсы бағытқа шығып", "Альфардта менің отбасым кетті" -деген сыңайлы пікірлер жазылды.