06 қаз, 2022 сағат 16:38

Таиландтағы балабақшада атыс болды: қаза тапқандар бар

Фото: twitter.com/ChaudharyParvez

Таиландтың солтүстік-шығысындағы балалар орталығында атыстан 30-ға жуық адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі DW сайтына сілтеме жасап.

Полиция генерал-майоры Ачай Крайтонг ер адам Нонгбуа Лампху қаласында күндіз атыс шығарғанын айтты.

Полиция мәлімдемесіне сәйкес, шабуыл жасаған - бұрынғы полиция қызметкері. Ол жақында жұмыстан босатылған. Ер адам алдымен төрт қызметкерді, оның ішінде жүкті болған мұғалімді атып тастаған.

Ол оқиға орнынан қашып үлгерген, полиция оқиғадан кейін іздеу жұмыстарын бастағаны айтылды. Атыс құрбандары арасында ересектерден басқа 22 бала бар.

Кейін ер адам өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады.