27 қаң, 2022 сағат 10:47

Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасары тағайындалды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Роман Василенко Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымын атқарған болатын. Президент өкімімен ол лауазымынан босатылды.