Фото: ҚР ТЖМ
Түркістан облысында суға батқан соңғы қыздың денесі табылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін сағат 14:56-да Сырдария өзенінен 21 тамызда суға батқан қыздың денесі табылды. Бұл күні барлығы 11 адам суға батып кеткен еді, оның ішінде 8-і - кәмелет жасқа толмағандар.
Төтенше жағдайлар министрлігі халықты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, рұқсат етілмеген жерлерде шомылмауға шақырды.
Қайғылы оқиға 21 тамызда кешкі сағат 18:00-дің кезінде Отырар ауданындағы Сырдария өзенінен өтетін көпір маңында болған. Шомылуға барған 20 адамның 11-і суға батып кеткен.
Туыстар тойдан шыққан соң демалу үшін өзен жағасына тоқтаған. Қайтыс болған адамдар суға түсіп те үлгермеген. Алдын ала мәлімет бойынша бір адам сүрініп суға құлаған соң өзгелері оны құтқарып қалғысы келген. Алайда олар да батып кеткен.