Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыздағы Қазақстан халқына арналған Жолдауында еліміздің саяси жүйесінің кешенді жаңғыру бағдарламасын ұсынды.
Бағдарлама қоғам қажеттілігі мен сұранысына байланысты негізделгенін де ерекше атап өтті. Бағдарламаның бірінші бағытында Президент өкілеттігін қысқарта отырып, өкілдік билік тармағын, яғни Парламент рөлін нығайту жолдарын жан-жақты талдап, нақтылап көрсетті.
Сайлау жүйесін жетілдіру – азаматтардың мемлекеттің басқару ісіндегі рөлін арттыру үшін бағыталғандығы туралы да баяндалды. Мажоритарлық сайлау арқылы әрбір азамат Парламент, мәслихат депутаттығына сайлана алады.
Парасатты халқы бар еліміз – қуатты мемлекеттің негізі деп қағиданы ұсынған Президент он шақты кешенді реформаның ерекшеліктері мен бағыттарына жеке-жеке тоқталды.
Халқымызды ауызбіршілік пен ақыл-сабырға шақырып, біздің негізгі мақсатымыз – Жаңа Қазақстан құру екенін атап көрсетті. Ол өз тарапынан мемлекет пен қоғамның өзара сеніміне және құрметіне негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастыратына сенім білдіру деген тұжырым жасады.
Жолдау еліміздің әлеуметтік әділеттік, бәсекеге қабілетті басымдықтарға негізделген, дамудың жаңа қағидаттары жөніндегі іс-қимылдың кешенді стратегиясын белгіледі. Онда көппартиялықты саяси бәсекелестікті, ой-пікірдің сан-алуандылығын дамытуға ықпал ететін ауқымды міндеттер қойылды. Партиялар саны көбейетіні сөзсіз. Себебі жаңа партия құру үшін, тіркеу саны 20 мыңнан 5 мыңға дейін азайтылды.
Ұлттық құрылтай, Жоғарғы аудиторлық палата, Конституциялық соттың құрылуы және жаңа үш облыстың ашылуы, халықтың қажеттілігін тез арада шешетін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасатын дамытуға бағыттылған саяси реформалардың жалғасы болып табылады.
Реформаларды жүзеге асыру барысында Конституцияның 30-дан астам бабына, 7 конституциялық заңға және 15 аса заңға өзгеріс енгізу көзделіп отыр.
Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдай отырып, жолдаудағы міндеттерді орындау үшін, топтасуға және халқы мықты, қуатты, гүлденген – Жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырамын.
Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!
Сұлтанбек МӘКЕЖАНОВ,
Парламент Сенатының депутаты