29 қаң, 2021 сағат 14:06

«Спутник V» вакцинасын салдыруға қарсы көрсетілімдер – Бас санитар дәрігердің қаулысы

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирустан вакциналау тәртібін реттейтін қаулыға қол қойды. Құжатта сондай-ақ Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») ресейлік вакцинасын салдыруға болмайтын қарсы көрсетілімдер де жазылған, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Еске салсақ, Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») ресейлік вакцинасымен егу елімізде 1 ақпанда басталады.

Вакцинаны салдыруға қарсы көрсетілімдер:

1. вакцинаның қандай да бір компоненттеріне немесе ұқсас компоненттері бар вакцинаға гиперсезімталдық,

2. анамнездегі ауыр аллергиялық реакциялар;

3. жүктілік немесе баланы емізу;

4. 18 жасқа дейінгі және 65-тен жоғары жастағылар (тиімділігі және қауіпсіздігі жөнінде мәліметтердің жоқтығына байланысты);

ІІ компонентті салуға қарсы көрсетілімдер: І вакцинаның компоненттеріне поствакциналық кезеңдегі ауыр асқынулар (анафилактикалық шок, жайылған ауыр аллергиялық реакция, дененің тырысу синдромы, 40°С астам температура және т.б.)

Препаратты келесі жағдайларда аса сақтықпен қолданған жөн:

1. бауыр және бүйректің созылмалы аурулары;

2. эндокриндік жүйе қызметінің айқын бұзылуы (қант диабеті);

3. қантүзілім жүйесінің ауыр сырқаттары;

4. эпилепсия, инсульт және орталық-жүйке жүйесінің өзге де сырқаттары;

5. жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары (анамнездегі миокард инфарктісі, миокардит, эндокардит, перикардит, жүректің ишемиялық сырқаты);

6. бастапқы және қайталама иммуножетіспеушілік;

7. аутоиммундық сырқаттар;

8. өкпе, астма және өкпенің созылмалы обструктивті сырқаты;

9. диабет, метаболиттік синдром, аллергиялық реакциялар, атопия, экземасы бар науқастар;

10. қатерлі өскіндер, қанның қатерлі ауруын қоса алғанда.

Вакциналау екі кезеңмен өтеді: әуелі 0,5 мл дозасындағы компонент І, ал үш аптадан кейін (вакциналау жүргізілген күнді есептемегенде 21 күн) 0,5 мл дозасындағы компонент ІІ салынады. Вакциналауды 21-ші күні компонент ІІ-мен өткізу мүмкін болмаған жағдайда (демалыс күні, мереке, басқа елді мекенге шығып кету, т.б.), екпені келесі 7 күннің ішінде жүргізуге болады.

І және ІІ компоненттерді енгізу арасындағы жиіліктің дәлелсіз ұзартылуына жол бермеу кеңес етіледі. Себебі бұл иммундық жауаптың қалыптасуына септігін тигізіп, вакцина тиімділігінің төмендеуіне әкеліп соқтыруы мүмкін;

Вакцина тек бұлшықет ішіне енгізуге арналған. Препаратты тамырға егуге қатаң түрде тыйым салынады.

Вакцинаны дельта тәрізді бұлшықетке (иықтың сыртқы жоғары жағының үштен бір бөлігі) егіледі. Дельта тәрізді бұлшықетке егу мүмкін болмаған жағдайда препаратты санның бүйіріндегі бұлшықетке енгізеді.