02 шіл, 2020 сағат 14:44

Соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан 30 адам қайтыс болды - министр

Соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 10 адам қайтыс болды. Бұл турлы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен тәулікте 10 пациент коронавирус инфекциясынан, 20 пациент пневмониядан қайтыс болды. Статистика толыққанды жарияланып келеді. Қазір біз біріккен статистикаға көштік, яғни симптомды әрі симптомсыз адамдар бірге көрсетіледі. Бұл, өз кезегінде еліміздегі нақты жағдайды түсіну үшін керек. Коронавирусқа шалдыққан әр адам індетті басқаларына жұқтыруы мүмкін. Біздің мақсат - қалыптасқан жағдайға дұрыс баға беру», - деді А.Цой Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, пневмония жағдайларына тиісті мониторинг жасалуда.

«Біз пневмония жағдайына мониторинг жүргізудеміз. Соңғы тәулікте еліміз бойынша 1 247 осындай жағдай анықталды. Сәйкесінше, оларға қатысты тиісті терапияны қамтамасыз етудеміз», - деді министр.