ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов коронавирус жұқтыру деңгейі төмендегенін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Соңғы екі аптада КВИ-мен сырқаттанушылықтың деңгейі 1,2 есе төмендеді. Эпидемиологиялық жағдайдың матрицасына сәйкес, Қазақстан Республикасы соңғы екі апта бойы «жасыл» аймақта тұр. Бүгінгі күні «қызыл» аймақта тұрған өңір жоқ», - деді Қиясов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, «сары» аймақта – 5 өңір (Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы) бар.
«Қалған 11 өңір «жасыл» аймақта орналасқан», - деді вице-министр.