Бүгін Алматы қаласын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде өткен кеңес барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оңтүстік астана мен оның төңірегін дамытудың тағы бір маңызды бағыты ретінде туризм саласын атады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Президенттің айтуынша, соңғы 10 жылда Алматыға өзге елден келушілердің саны үш есеге артқан, ал, 2019 жылы бұл көрсеткіш 435 мыңға жеткен. Ішкі туризм бойынша да оң өзгерістер бар.
Сондай-ақ Президент Алматы Mercer компаниясы өткізетін беделді рейтингке қосылған бірден-бір қала екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы аталған бағыттағы бірқатар проблеманы, оның ішінде, қызмет көрсету саласындағы олқылықтар жайында айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдеріне агломерация аясында туризмді дамытудың бірлескен бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.