10 ақп, 2022 сағат 14:34

Смайылов жеңілдетілген автонесиелеу туралы: Бірнеше ай қажет


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автонесие бағдарламасын әзірлеп жатыр. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов Tengrinews.kz тілшісі сауалына берген жауабында айтты.

"Бүгінде халық үшін отандық өндірістегі автокөліктер қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасын әзірлеп жатыр. Бұл бағдарламаны іске қосу мәселелерін шешуге бірнеше ай қажет", - деді Үкімет басшысы.