14 шіл, 2022 сағат 15:37

Смайылов Президент тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде айтты


Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын талқылау кезінде Премьер-Министр Әлихан Смайылов Президент тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл басынан бері Үкіметке Сіз халық табысын арттыру, жұмыс орындару құру, инвестициялар тарту, шағын және орта бизнесті дамыту және басқа да мәселелер бойынша міндеттерді қойдыңыз. Қазіргі кезде Сіз берген 207 тапсырманың 91-і орындалды. Сонымен қатар, 116 тапсырма орындалу сатысында тұр. Оның арасында 28-і бойынша жұмыстар аяқталуға жақындады», - деді Әлихан Смайылов Президентке қарата айтқан сөзінде. 

Айта кетейік, Үкімет басшысы мемлекеттік бюджетті атқарылуына қатысты мәліметтерді жариялады.