Фото: Polisia.kz
Шемонаихада зейнеткердің аяғын скотчпен байлап, дене жарақаттарын салып, тонап кеткен күдіктілер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің жедел қызметкерлері ауыр қылмыстың бетін ашты. Полиция бөліміне зейнеткер, қаланың 73 жастағы тұрғыны екі белгісіз адам үйіне кіріп, аяғын скотчпен байлап, оған дене жарақаттарын келтіріп, 70 мың теңге көлеміндегі ақшасын ұрлағаны туралы хабарлаған.
Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жеткен.
"Тәртіп сақшылары “ізін суытпай” күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар 63 және 42 туған жергілікті тұрғындар болып шықты, екеуі де бұрын ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған. Қаскүнемдер кінәсін мойындап, қылмыс алдын ала сөз байласу арқылы жасалғанын айтты.
Сондай-ақ жәбірленуші егде жаста болғандықтан оларға қарсы тұра алмайтынына сенімді болған, сөйтіп бағалы тұрмыстық техниканы үйден шығару үшін қылмыс орнына қайта оралуды жоспарлаған. Қазіргі уақытта күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды" - делінген хабарламада.
Қазір бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Аталған қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.