ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің утилизациялық алым туралы сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Халықтың алдында ашық жұмыс істеп жатырмын. Егер қате жасасам, жауап беремін. Бірақ бүгінде біз не өнерәкәсібі бар, не өнеркәсібі жоқ ел боламыз. Менің сол үшін жаным ауырады. Ертең мұнаймен күн көре алмаймыз. Бүкіл әлемде мұнай бар. Сондықтан сіздерді осы мәселеге терең қарауға шақырамын. Барша қабылданған шешімдер үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын», - деді Роман Скляр.