Фото: pexels.com
Шымкентте жалпы режимдегі түрмеде сотталған адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Almaty.tv мәліметінше, №54 түзету мекемесінің әкімшілігі сотталған азамат ауруы салдарынан қайтыс болған.
Бұдан бөлек әкімшілік ұсынған деректерге сәйкес ер адам асқазаны ауыратынына шағымданып, лазаретке бес рет барған. Өкінішке қарай, 3 қыркүйекте ауруханаға жатқызылғаннан кейін қайтыс болған. Қазір тексеріс жүріп жатыр, сараптама тағайындалған."Марқұмның туыстары бізге сенбей отыр. Бәлкім, олар оны соққыға жықты деп ойлаған шығар. Дегенмен тексеріс нәтижелерін туыстарына хабарлаймыз", - деді түзету мекемесінің бастығы Серікбай Дүйсенов.
Марқұмның артында жұбайы мен үш баласы қалды. Ол адамдарды бопсалағаны үшін 3,5 жылға сотталғаны айтылады.